Текст
Оқу орнының қабырғасындағы «Адал Ұрпақ» мектеп клубы жоғары адамгершілікті, жауапты және әлеуметтік жетілген тұлғаны, нағыз азамат пен патриотты қалыптастыруға ықпал етеді. Оның қызметі рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдетуге және оқушылардың азаматтық-патриоттық санасын нығайтуға бағытталған.
Клубтың маңызды міндеті жастардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту, оларда қоғамның саяси-құқықтық негіздерін түсінуді қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті адамгершілік-этикалық қағидаттарды тәрбиелеуге, оның кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл адал және принципті азаматтар ұрпағын өсіруге мүмкіндік береді.