Мамандық білгірлерінің турнирі

25 қаңтарда "Новоникольское селосының ОМ" КММ-де "Мамандық білгірлерінің турнирі" өтті. Бұл сыныптан тыс іс-шараның міндеті оқушылардың кәсіптер туралы бұрыннан бар білімдерін анықтау, сондай-ақ еңбек адамдарына және олардың кәсіптеріне танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру болды. Турнир барысында 8-11 сынып оқушылары түрлі байқауларға қатысып, үй тапсырмасын қорғады. Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей:
1 орын "Заңгерлер" 10-сынып командасы
2 орын "Дәрігерлер" 8-сынып командасы
3 орын "Механизаторлар" 9-сынып командасы