Текст
Психикалық денсаулық проблемалары мен оны нығайту тәсілдеріне қатысты халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында 1992 жылдан бері Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен атап өтілетін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні 10 қазан.
Бұл күні «Новоникольск ауылының ЖББОМ» КММ педагог-психолог Сергеева Татьяна Николаевна таңертең баршаны қарсы алып, «Көңіл күй көкжиегі» акциясына қатысуды ұсынды. Аталған акция педагогтар мен оқушылар мектепке қандай көңіл-күймен келетінін анықтауға мүмкіндік берді. Үзілісте «Өзін-өзі қолдау айнасы» акциясы ұйымдастырылды. Мектептің барлық айналарында эмоциялар мен өзін-өзі қолдауға арналған дәйексөздер орналастырылды.