Текст
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.Туған жерді сақтай отырып, оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу; бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру үшін Новоникольск ауылының жалпы білім беретін мектебінде 8,10- сынып оқушыларымен Анапина Г Қ «Менің аты-Махамбет» атты тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар М.Өтемісұлының өмірбаянымен танысты, мәнерлеп өлеңдерін оқыды.