Текст
1 наурызда Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылғы мереке Тұңғыш Президенттің бастамасымен өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этнос өкілдерінің бір-біріне және осы адамдарды мейірімділік танытып, қабылдаған қазақтарға ризашылығы күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн мейірімділіктің, достық пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналуы мүмкін », - деп ұсынды Нұрсұлтан Назарбаев.