Текст
Новоникольск селосының жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында 3сыныпта Бауыржан Момышұлы тақырыбы аясында ою-өрнек жарысы өтті. Б. Момышұлы ою ойғанды жақсы көрген, өзінің ойлап тапқан оюлары да сақталған, сол себепті оқушылар жауынгер-жазушы туралы постерлер дайындады, әр түрлі оюларды ойды. Оқушылар оюдың неге ұқсайтынын, қайда қолдануға болатынын, түсі қандай екенін айтып берді.