Текст
«Ұлттық рухтың шырағы» челленджі барысында Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуы аясында «Новоникольск ауылының ЖОББМ» КММ кітапханасында 9-10 сынып оқушылары «Ұлы даланың даңқты ұлы» кітап көрмесімен танысты. Л.Д. Майорова қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин туралы айтып, біздің кітапханадан қандай кітаптарды оқуға болатынын көрсетті. Фатеева Алеся «Көшпенділер» тарихи трилогиясының 1 кітабының мазмұнын айтып берді.