17 наурыз күні 3-4 сынып оқушыларына арналған «Наурызнама» онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері Садуова С.Ж. және Швецова Т.Т. «Наурыз – көктем мен бірлік мерекесі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Құрметті қонақтар: Акамбаева Т.Н және Садуова С.Л. Мереке қарсаңында баршаға тыныштық, қуаныш пен сәттілік тілеп, Тотықамал Нұрымжанқызы жүргізген «Шашу» рәсімімен басталды. Оқушылар Наурыз мерекесінің тарихымен, салт-дәстүрімен танысты. Біз бұл мерекенің табиғатпен, өмірдің жаңғыруы мен тазаруымен байланысты екеніне көз жүгірттік. Денсаулықты, байлықты, бақыт пен сәттілікті білдіретін жеті ингредиенттен тұратын ерекше тағам Наурыз-көже дайындау сияқты дәстүрлі әдет-ғұрыптарды талқыладық.
Соңында бата – келер жылы берекелі болсын деген тілек және бірлескен фотосурет болды.