Мектебімізде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті! 🌸
Бүгін мектебімізде көктемнің жаршысы, жыл басы саналатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Бұл күн – табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің бастауын білдіретін, береке мен бірліктің, татулық пен келісімнің символы.
Мерекелік шара ерекше сән-салтанатпен өтті. Оқушылар мен мұғалімдер ұлттық киім киіп, мерекенің шырайын кіргізді. Концертте әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді. Көрермендерге қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары ұсынылды, олар қызғылықты әрі көңілді өтті.
Мерекеге арнайы шақырылған қадірлі әжелеріміз ақ баталарын беріп, шашу шашты. Ақ дастархан жайылып, қонақтарға бауырсақ, қымыз, наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.
🌿 Наурыз құтты болсын! Ақ мол, жыл ырысты болсын! 🌿
ДТІЖ орынбасары: Абенова А. С.