Текст
«Мектебім – мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті!
🎉 1 қыркүйек – әрбір шәкірт пен ұстаз үшін ерекше, сағыныш пен үмітке толы мереке.
🔔 Линейкаға қадірлі қонақтар қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
👧🏻🧑🏻🎓 Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары өздерінің алғашқы қадамдарын жасап, үлкен өмірге жол ашты.
🎓 Ал мектеп бітіруші түлектер үшін бұл күн ерекше толғаныс пен жауапкершілікке толы болды.
🌟 Мектеп – тек білім ордасы емес, мейірім мен тәрбиенің мекені. Алда келелі істер, жаңа жетістіктер мен жарқын сәттер күтіп тұр!
📝 Барша оқушыларға шабыт, мұғалімдерге күш-қуат, ата-аналарға береке тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!