Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі

06.09.2025

Бүгін мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі" атты 10 күндіктің  салтанатты ашылуы өтті.  
🎉 Ашылу рәсімі барысында оқушылар түрлі ұлттардың тілінде ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті.  
🎯 Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді, сондай-ақ елімізде өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге баулу, тіл арқылы бірлік пен ынтымақты нығайту.  
📌 Алдағы 10 күн бойы түрлі танымдық, мәдени, әдеби шаралар өтеді: диктанттар, эссе байқаулары, ұлттық ойындар, сынып сағаттары және т.б.  
🕊️ Тіл – ұлттың жаны. Осы онкүндік аясында оқушылар әр тілдің қадір-қасиетін сезініп, рухани бірлік пен достықтың маңызын түсінеді деп сенеміз.

Просмотров: 2004


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу