Бүгін 5–11 сынып оқушылары арасында «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Біз күнделікті интернетті, әлеуметтік желілерді, онлайн-банкинг пен электронды ресурстарды қолданамыз. Алайда цифрлық технологиялар дамыған сайын ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қауіп-қатерлер де артуда.
Ақпараттық қауіпсіздік — бұл деректерді, құрылғыларды және пайдаланушыларды рұқсат етілмеген қолжетімділіктен, кибершабуылдардан және зиянды бағдарламалық жасақтамадан қорғау. Әсіресе желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін білу маңызды
Жеке мәліметтерді (құпиясөздер, банк картасының деректері) бөгде адамдарға және күдікті сайттарға бермеңіз.
Күрделі құпиясөздер қолданыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс қосымшаларды ашпаңыз. Әлеуметтік желілерде құпиялылық параметрлерін реттеңіз.
Антивирус бағдарламасын орнатып, оны уақытылы жаңартып отырыңыз.
Жалған ақпарат пен манипуляцияның құрбаны болмас үшін деректердің шынайылығын тексеріңіз.
Ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — әркімнің цифрлық кеңістіктегі өз әрекетіне жауапкершілікті сезінуден басталады. Тек қана білімді әрі сақ қолданушы ақпараттық ортада өзіне сенімді бола алады.