«Ана тілім – ардағым»

24.11.2025

📚 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің жабылу рәсімі ерекше әсермен өтті.  
«Ана тілім – ардағым» атты онкүндік аясында түрлі танымдық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арта түсті.  
🎤 Жабылу жиынында оқушылар өлең оқып, көрініс қойып, ән шырқап, тіл туралы өз ойларын ортаға салды.  
📖 Бұл онкүндік — тек іс-шаралар ғана емес, ана тіліміздің қадірін ұғынуға, рухани байлығымызды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болды.  
👏 Барлық белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз!  
Тіліміздің тұғыры биік болсын! 🇰🇿 

Просмотров: 1803


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу