11.02.2026
📢 Құрметті ата-аналар!
Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында, ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығына сәйкес, сабақ барысында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады.
Сабақ уақытында оқушылар ұялы телефондарды және басқа да гаджеттерді пайдаланбауы тиіс. Бұл шара білім сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін шоғырландыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
⛔ Сонымен қатар мектепке алып келуге тыйым салынады:
• қару және өткір-кескіш заттар
• пиротехника және жарылғыш заттар
• газ баллончиктері
• вейптер, темекі және темекі өнімдері
• психоактивті заттар және энергетикалық сусындар
Сіздерден балалармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мектеп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірулеріңізді сұраймыз.
⚖ Қауіпсіздік пен тәртіп — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз. 🤝
