Абайлаңыз, мұз жұқа!

16.03.2026

❄️ Абайлаңыз, мұз жұқа! ❄️

Көктем мезгілі келгенде су айдындарындағы мұз жұқарып, өте қауіпті бола бастайды. Осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.

📌 Балаларға арналған жадынама:
• Өзен, көл және басқа су айдындарының мұзына шықпаңыздар.
• Мұздың беріктігін аяқпен тексермеңіздер.
• Үлкендердің қарауынсыз су айдындарының маңында ойнамаңыздар.
• Мұзы қара, борпылдақ немесе үстінде су жиналған жерлерден аулақ болыңыздар.
• Егер біреудің мұзға түсіп кеткенін көрсеңіздер, бірден үлкендерді шақырып, көмекке хабарлаңыздар.

Есіңізде болсын: қауіпсіздік — ең бастысы! Өздеріңізді сақтаңыздар және абай болыңыздар.

Просмотров: 3438


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу