Текст
31.03.2026
ектебіміздің педагогтері спартакиадаға қатысып, бұл күн шын мәнінде ерекше, әсерлі әрі ұмытылмас болды! ✨
Күннің басынан-ақ бізді жарыс рухы мен достық бәсеке баурап алды. Біз бір-бірімізді қолдап, жеңістерге қуанып, бір сәт те берілмей, бар күшімізді салдық. Әрқайсымыздан жігер мен қайрат, жеңіске деген ұмтылыс және нағыз командалық бірлік сезілді 💪
Бұл күн бізге тек қуаныш пен әсер ғана сыйлап қоймай, күнделікті күйбең тірліктен бір сәт алыстап, бірге уақыт өткізудің қаншалықты маңызды екенін еске салды.
Осындай шаралар жиі болса екен дейміз — өйткені дәл осындай сәттер ұжымымызды одан әрі біріктіріп, нығайта түседі! 💙
Барлық қатысушыларға керемет күн үшін алғысымызды білдіреміз! 🌟


