"Колледж өкілдерінен шабыт пен жаңа мүмкіндіктер"

31.03.2026

Бүгін бізге Жоғары аграрлық-технологиялық колледжінің өкілдері келді 👩‍🏫👨‍🏫

Олар оқушыларға жан-жақты кеңес беріп, оқу бағыттары, оқуға түсу шарттары және 9 және 11 сыныптан кейін грант алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар IT, электрмен жабдықтау, агрономия және аспаздық сияқты сұранысқа ие мамандықтармен танысты 🌾💻⚡

Кездесу өте пайдалы өтті: әр оқушы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Енді біздің оқушылар болашақ мамандығын таңдау және алдағы қадамдарын жоспарлау туралы көбірек түсінік алды ✨

Колледж өкілдеріне мазмұнды әрі шабыттандыратын кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 3348


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу