07.04.2026
7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектебімізде «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында бірыңғай республикалық сабақ өтті 🏃♂️💚
Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, маңызды әрі мазмұнды диалогқа қатысты. Біз Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің сөзін тыңдап, талқыладық.
Сонымен қатар мектеп медигі оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттердің алдын алу туралы әңгіме өткізді.
Оқушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және өз денсаулығына қамқорлық жасау туралы маңызды мәліметтер алды. Осындай кездесулер оқушылардың болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандырады.
Денсаулық – ең басты байлығымыз! Өздеріңізді күтіп, белсенді болыңыздар 💙