22.05.2026
Бүгін мектебімізде учаскелік инспектор Темат Б.Ж.-мен оқушылар арасында кездесу өтті. Кездесу барысында жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылармен келесі маңызды тақырыптар талқыланды:
• жолдағы қауіпсіздік;
• мотоцикл, скутер және квадроциклдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік;
• судағы қауіпсіздік ережелері;
• орманда және табиғат аясындағы қауіпсіздік;
• қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарының қауіптілігі;
• жазатайым оқиғалардың алдын алу;
• интернет қауіпсіздігі және жазғы кезеңдегі бақылау.
Осындай кездесулер оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.
