4-сынып оқушыларымен орманға сауықтыру жорығы!

08.10.2026

Дене шынықтыру онкүндігі аясында  «Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде»КММ-де 4-сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара — орманға сауықтыру жорығы ұйымдастырылды! 🌲

Бүгін төртінші сынып оқушылары орманға серуенге шығып, таза ауада демалып, табиғаттың әсемдігін тамашалады. 🍃

Оқушылар уақыттарын белсенді өткізді: көп серуендеп, әңгімелесіп, ойындар ойнап, қоршаған ортаны қызығушылықпен бақылап қайтты.

Мұндай жорықтар — денсаулықты нығайтып қана қоймай, сынып оқушыларының бірлігін арттыруға, балаларға жағымды эмоциялар сыйлауға және табиғатты сүюге тәрбиелеуге тамаша мүмкіндік береді. 🌿💚

Просмотров: 1267


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу