Текст
5,9 сынып оқушылары Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Өзге тілді біл, туған тіліңді құрметте!» атты сыныптан тыс іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін пайдалануға құқылы екенін, қарым-қатынас тілін еркін таңдауға құқылы екенін, барлық халықтың мәдениеті мен тілін құрметтеу керектігін айтты.