Текст
«Новоникольское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 6-11 сынып қыздарының ата-аналарымен құқық бұзушылықтың алдын алу және жыныстық қол сұғылмаушылық мәселелері бойынша кездесу өтті. Мектеп әкімшілігі мен психолог тарапынан жеткіншектердің тәрбиесіне қатысты түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді. Ата-аналар бұл ұсыныстар мен кеңестерді назарға алып, мектеппен тығыз жұмыс жасауға уәде берді.