Текст
«Табиғат әйелге айтты: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, бірақ парасатты болуың керек», - деп бастады әңгімесін 7, 8 сынып оқушыларымен «Новоникольское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ медбикесі Е.Ф.Исхакова. Әңгіме барысында жігіттер, жас қыздар ерте жүктілік кезінде кездесетін физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер туралы білді. Ерте жүктіліктің себептері анықталып, талқыланды. Жасөспірімдік шақта туындайтын проблемалық жағдайларды талдауды үйрендік.