Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған эссе мен жыр мүшәйрасы өтті. Байқауға қатысушылар бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оқушылар өз шығармалары мен өлеңдерінде анаға, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, жақсылық пен жамандық, отансүйгіштік, еңбек, намыс, жанашырлық туралы әңгімеледі. 11-сынып оқушысы Даяна Үстюлюмова қиын-қыстау заманда жастарға адам болу керектігі туралы кеңесі бар өлеңін оқыды.