Текст
7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тарих және құқық онкүндігі аясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Менің ауылым» квест ойыны өтті. Маршрутты сәтті өту үшін балалар ауыл тарихы туралы сұрақтарға жауап беріп, топтың бірлігін көрсететін тапсырмаларды орындауы керек болды. Маршруттың жылдамдығы да ескерілді. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталады.