Интернационалист-жауынгерлермен кездесу "Соғыспен шарпылған жылдар..."
Сен түсіме кіресің, Ауған,
Ұзақ отыз жыл өтсе де ...
Мен қартайып отырсам да
Сенің қалдырған ізің кетер емес.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығуының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Новоникольск орта мектебінде Ауған соғысында болған жерлестерімізбен кездесу өтті. Оқушылармен кездесуге жауынгер-интернационалистер Асютин Николай Николаевич, Сапрыкин Николай Алексеевич және Кулишов Николай Николаевич келді
1989 жылы 15 ақпанда кеңес одағының қалған әскері Ауғанстаннан шығарылды.Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні — біздің елімізде мемлекеттік мереке және Қазақстан Республикасының қайтыс болған жауынгер-интернационалистерін еске алу күні.
Қонақтар соғыс тарихы туралы айтып, ауған соғысы, әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы, сұрақтарға жауап берді. Өздерінің жауынгерлік достары туралы айтып, қатаң әскери өмірдің тұрмысын, қатал сынақтан қалай өткендерін еске алды. Балалар қызыға тыңдап, бірте-бірте әңгімелесіп, ашылып сұрақ қойып, өз елінің тарихын, оқиғалар туралы көп білгілері келетіндерін айтты.
Бізге келіп, қызықты әңгімелер, әскери өмірдің естеліктерімен бөліскені үшін кездесуге қатысқан жауынгер-интернационалистерге біз өте ризамыз. Оқушылар үлкен ризашылықпен кездесуден естелік ретінде қонақтарға кәдесыйлар сыйлады және алда келе жатқан мерекемен құттықтады.
Новоникольск орта мектебінің 11-сынып оқушылары