Текст
6 маусымда мектеп жанындағы лагерьде жоспар бойынша "Өсімдіктер мен жануарлардың қорғалатын сирек түрлері"атты орманға саяхат жоспарланған. Ауа-райының қолайсыздығынан орманға бару мүмкін болмады, бірақ балалар биология кабинетінде виртуалды саяхат жасап, дәрілік шөптермен танысты. "Дәрілік шөптер", "өсімдіктердің негізгі топтары", "өсімдік қоғамдастықтары" гербарийлерін қызығушылықпен қарады. Ұнаған шөптерді өз альбомдарына кіргізді.
Ойынсыз күн қандай күн? Таза ауадағы ойындар спорт залдағы ойындармен алмастырылды.