Текст
18 маусымда Химия және биология пән апталығы аясында 5, 6 сынып оқушылары адамзат көзіне көрінбейтін - микромир ашуға мүмкіндік беретін үлкейткіш құралдардың құрылу тарихымен танысты. Мұғалім таныстырғаннан кейін және нұсқаудан кейін балалар тәжірибе жүзінде микроскоп сынап, зоологияның түрлі нысандарын қарап шықты.