Текст
Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары, мектеп президенті және парламент мүшелері Қазақстан халықтары бірлігі күні аясында өткізілген мектеп ассамблеяларының фестиваль байқауына қатысты. Біздің мектебіміз "Халықтың этникалық образын үздік сомдау" номинациясын иеленді. Оқушылар тәрбие ісі меңгерушісі А.С.Абеновамен бірге түрік халқының образы туралы мәлімет жинап, көрсетті.