Текст
16 қыркүйек күні Тілдер онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Он күннің ішінде белсене қатысқан оқушылар марапатталып, ең жақсы деп танылған өлеңдер оқылды. Жабылу рәсімі «Ана тілім- тұғырым» деген әнмен аяқталып, оқушылардың бойында осы онкүндіктен үлкен әсер қалдырды.
Онкүндік аясында өткізіліп отырған барлық іс-шаралар туралы ақпарат мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде көрініс тапты.