Текст
Учаскелік инспектор полиция капитаны А.Е.Магауов 8-11 сынып оқушыларымен «Оқушының қауіпсіздігінің жалпы ережелері» тақырыбында жалпы құқықтық тәрбие жұмысын жүргізді. Ол балаларға құқықтық нормаларды сақтау қажеттігін айтты. Оқушыларға кейбір баптардың мазмұнын, құқық бұзушылық үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.