Текст
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс— қоғамымызда өзекті мәселе. Құқық бұзушылықтың алдын алу және ақпараттандыру мақсатында, сонымен қатар полиция жұмысына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін 9-11 сынып оқушыларына аудандық конференция өтті. Біздің оқушылар да конференцияға қатысты, фильмдерді мұқият тамашалады, статистикалық мәліметтерді тыңдады, сонымен қатар полиция имиджі бойынша кәсіптік бағдар беру блогын тыңдады.