Текст
16 қаңтарда "Новоникольское ауылы ОМ" КММ-де мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті, социалистік еңбектің үш мәрте Батыры Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай сынып сағаттары өтті. Балалар Дінмұхамед Ахмедұлының өмірбаянымен, еңбек және саяси мансабымен танысты.