«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Новоникольское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күніне арналған кеш

19.04.2017

15 сәуір күні елімізде жастар арасында «Қозы

Көрпеш - Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күні» аталып өтті.  Новоникольск орта мектебінде де осы күні концерт

өтті. Оқушылар 4 номинация бойынша дайындалып өз өнерлерін көрсетті. Музыкалық

жанрда – оқушылар өздерінің жұппен ән айту өнерін, би номинациясында- жұппен әр

түрлі билерді, шығармашылық номинацияда – қол өнерлерімен бейнелеу өнері ортаға

салынды, әдеби номиницияда – махаббат туралы өлеңдер оқылды.  Мектептің 76 

оқушысы қатысып, залдағы атмосфера балалардың рухани байлығын ұлғайтуға

бағытталды. Барлық жеңімпаздар бастауыш сынып оқушылар болды.  Көрермендерге Жолдан Асылжан мен Крикунова

Карина,  Сединкин Андрей мен Сергеева

Татьяна, Жабагин Мақсұт пен Маратбекова Камила 

орындаған әндер өте ұнап, көремен көзайымы болды.  Әдеби оқуда Крикнова Каринаға тең келетін

адам болмай, зал аяусыз шапалақ ұрды. 

Лубнина Юлия мен Сединкина Виктория орындаған «Снегурочка» өлеңі  рөлдік ойында ең әдемі орындалды.  Шығармашылық жарысқа қатысқандардың арасынан

киелі аққу құсты бейнелеген  жұмыстар

жеңіске жетті. 11 сынып оқушылары «Көлдегі аққу» күрделі де қызықты композициясын

жасап, өлеңмен таныстырды. Кузьмина Полина мен Никитин Кирил махаббат құсын

аққуды ұясына қондырып, шығармашылық жұмыстарын қызықты таныстырды.

Шағын

орталық тәрбиеленушілері Устюлюмов Вячеслав пен Нурланова Айнұр екі номинацияға

қатысып, гран-при жүлдесін ұтып алды. Балардың орындаған әндері мен билері

көрермен көңілінен шығып, залда ұзақ қол соғылды.

Осы

өткізілген кеш оқушыларға өте ұнап, әрі қарай дәстүр бойынша жыл сайын

өткізіліп отырады.

 

Новоникольск орта мектебінің

қазақ тілі мұғалімі Абенова А.С.

 

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст