Текст
Біздің планетада тыныс алатын оттегі қайдан келеді? Бұл маңызды сұраққа жаратылыстану пәнінен ашық сабақ аясында "Новоникольское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 5 сынып оқушылары жауап таба алды. Балалар Фотосинтездің ашылу тарихын, осы процестің механизмін, сонымен қатар өсімдік өміріндегі хлорофилл пигментінің рөлі туралы білді. Мұғалім: Василевич Р. А.