«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Новоникольское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл - ұлттың болашағы

25.02.2017

Тіл –ұлттың

болашағы

Ана тілі –

бәріміздің анамыз,

өйткені - ол

ұлтымыздың анасы.

Тілді өркендету - баршаның ісі.  Қазақстан Республикасы

Президентінің әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының «Мың

бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы – түрлі этникалық топтардың

мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени

ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен

мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін

көздейді.

Новоникольск орта мектебінде жыл сайын қыркүйек айынан бастап тілдік саясат орындалып келеді. Қазақ тілі,

орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері оқушыларға әр сабақта, әр іс-шарада тілдің

құдіреттілігін, құрметтеу керектігін түсіндіріп отырады. Қазақ тілі мұғалімдері

жыл бойына әр түрлі аудандық жарыстарға қатысып, оқушылардың тілді бойларына

сіңіріп, дұрыс көзқарас қалыптастыруына бағыт беріп отырады. 

Қазіргі таңда мектепте «Мың бала» жобасының аясында 1 сыныпта сауат ашу пәнінен Майорова Л.Д.  әр халықтың ойын түрлері бойынша екі тілде сабақ өткізді.  Балалар қазақ тілінде

«Толағай» мультфильмін көріп, өз ойларымен бөлісті. Қуантатын жағдайдың бірі –

балалар мультфильмді толық түсініп, сипаттама бере алды. Сабақ соңында

балаларға видео-клип үлкен әсер қалдырды.

6-7 сыныптар арасында «Тілден терең теңіз жоқ» тіл сайысын Анапина Г.Қ. өткізді. Оқушылар өздерінің

мақал-мәтелдерді, үш тілде сөйлеу білетіндерін аянбай көрсетті.

2,3,4- сыныптар арасында Анапина Г.Қ. өткізген «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайыс сабағы өте қызықты,

тартымды өтті. Оқушылар өздерінің Отан туралы, қазақ тілі әріптерін жақсы

білетіндерін, тапқырлықтарын көрсетті.

Өзге тілді оқушылар арасында өткізілетін аудандық жарыстарға да оқушылар қызығушылықпен қатысады.

А.С. Абенова дайындаған аудандық «Ясауитану» сайысына 5 сынып оқушысы Остер

Руслан қатысып, қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Бұл жарыстар оқушылардың

сенімділігін арттыра түсуге себеп болады. Алдағы уақытта «Мың бала» жобасы

аясында мектеп бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абенова А.С.

Новоникольск орта мектебі

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст