01.04.2023
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет толығымен автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі. Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптастырылған)
• Туу туралы куәлігі (электрондық түрде қалыптастырылған)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Вакцинация паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемі) Барлық сұрақтар бойынша, балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы білу үшін мектепке хабарласыңыз. Телефон 8716-4095790 мемлекеттік қызметке жауапты Абенова Айгерим Сайлауовна