Текст
Тілдер онкүндік аясында жоспар бойынша 5-6-сынып оқушылар арасында 13 қыркүйек 2023ж «Кім тапқыр?» интеллектуалды білім сайысы өтті. Сайысқа 6 оқушы қатысты. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасады, сұрақтарға жауап берді, сайыс барысында әр оқушы өз ойын қазақша жеткізуге тырысты. Оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелеп, танымдық ынтасын арттыратын бұл іс-шара олардың жауапкершілікпен дайындалып келгендігін көрсетті.