Текст
"Новоникольск селосының жалпы білім беретін орта мектебі" КММ "Жас өрендер" тақырыбында ақындар айтысына іріктеу өтті. Іріктеу жүргізуден бұрын айтыстың мән—мағынасы, қандай музыкалық аспап қолданылатыны, айтыстың түрлері таныстырылды. Оқушыларға әр түрлі тақырыпқа екі жол, төрт жол өлең шығару ұсынылды, мұғалім Абенова А. С. өзі де мысалдар келтірді. Айтысқа дайындық әлі де жалғасады.