Текст
"Алғыс – жүректің естелігі" - осындай ұранмен Новоникольск орта мектебінде Алғыс күніне арналған өлеңдер байқауы өтті. Оқушылар өз ата – аналарына қолдау мен ақыл – кеңестері үшін, анама қамқорлық пен нәзіктігі үшін, туған жер-бейбітшілік пен бақыт үшін, достарына-өзара көмек пен қайырымдылығы үшін арнаған өз өлеңдерін ( Маратбекова Камила, Ярмухамедова Карина, Жанабек Алан, Крикунова Анастасия, Лукьяненко Виктория) оқыды.
6,8,11 сынып оқушылары (Абинов Тимур, Ляшенко Нина, Лубнина Юлия, Лутошкина Мария, Бунчук Анжела, Абжикеева Жаннель, Калиакпарова Ильмира, Жакупов Данияр) мейірімділік, қуаныш, жан жомарттығы туралы танымал авторлардың өлеңдерін оқыды.