Текст
АПҚО жоспары аясында ата-аналарға арналған «Балаңыздың кілтін қалай табуға болады» сабағы өткізілді. Сабақ барысында ата-аналар әр түрлі жаттығулар арқылы өздерінің жүрек кілтін іздеді, содан кейін бұл жаттығуларды балалармен бірге қалай қолдануға болатынын мысалдармен келтірді. Сондай-ақ балаларының жетістіктері, олардан не күтетіндері және болашақта оларды қалай көретіндері туралы әңгімеледі. Сабақ соңында бір-біріне жақсы тілектер айтып, балаларына жолдау хаттарын жазды.