Текст
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: қазақ халқының мәдениетін дәріптеу, ата- бабалар дәстүрін жалғастыру;
АР-ҰЯТ: креативті ойлауға үйрену;
ТАЛАП: логикалық ойлауды дамыту, математиканы өмірмен байланыстыру.
26 қаңтар 2024 жылы "Новоникольск ауылының ЖББОМ"КММ оқушылары - м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналған "Қазақ есебі" челленджіне қатысты. Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға, математикалық білімді өмірмен байланыстыруға ықпал етеді.