Текст
Дарынды балалармен жұмыс – мектептің басым бағыттарының бірі. Бастауыш мектеп жасы – білімді сіңіру, жинақтау, меңгеру кезеңі, демек, дарындылықты сақтау және дамыту – қоғамымыздың ең маңызды міндеті. Бастауыш сынып мұғалімінің басты мақсаты – әрбір жеке тұлғаның дамуына ықпал ету. Нәтижесінде балалар олимпиадалар мен жарыстарға қатысады. 24 қаңтарда «Новоникольское ауылының ЖББОМ» КММ бастауыш сынып оқушылары «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, 1 орынға ие болды. Оқушыларды құттықтап, облыстық турда сәттілік тілейміз!