Текст
"Новоникольск ауылының жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып оқушыларымен қазақтілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында "Сәлем-сөздің анасы" атты викторина өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абенова А. С. оқушыларды топқа бөліп, тілге, күнделікті қолданысқа байланысты сұрақтар қойды, мақал-мәтелдердің жалғасын табуды ұсынды. Жоғары сынып оқушылары топтарды арнайы кесте бойынша бағалап, грамотталармен марапаттады. Осындай іс—шаралар мемлекеттік тілді үйренуге жетелейді, қызығушылық тудырады.