Текст
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. Отбасы қоғамның басты элементі ретінде адами құндылықтардың, ұрпақтар мәдениеті мен тарихи сабақтастығының сақшысы, тұрақтылық пен даму факторы болған және болып қала береді. Отбасы – жас ұрпақтың басты тәрбиешісі. Мектебімізде отбасы мен мектептің өзара байланысына ерекше көңіл бөлініп, түрлі іс-шаралар өткізіліп, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы мен «Даналық клубтары» жұмыс істейді. Баршаңыздың отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!