Текст
Біздің мектепте бұл күн «Махаббат - адамның басты қасиеті, ақиқат - негіз, дұрыс іс - шынайы өмір» атты шаттық шеңберінен басталды. Оқушылар үшін сынып жетекшілері «Адами құндылықтар - бақытты өмірдің негізі» атты жалпыұлттық бірыңғай сағатты дайындады. «Бәрі махаббаттан басталады» атты кітаптар көрмесінде оқушылар өмірдің құндылық мазмұнын ашатын кітаптармен таныса алды. Оқушылар өз шығармашылықтарын әдеби-шығармашылық сайыста және «Жүрек қуанышы» шығармашылық жұмыстар көрмесін дайындауда көрсетті. Бүгін балалардың жан дүниесіне жақсылық дәнін септі деп сенеміз.